Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-12-21

Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Жас кәсіпкер мектебі» клубы аясында «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» атты кездесу кеш «ALL INCLUSIRE» оқу орталығының жас кәсіпкері Мұсаева Мөлдір Мұратқызы және №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен

өткізілді. Оқырмандарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында жас кәсіпкерге сөз беріліп, оқырмандар ойларындағы сұрақтарын қойып, жауап алды. «Еңбектің - наны тәтті» атты слайд көрсетіліп, еңбек туралы жасырылған жұмбақтардың шешуін тауып, «Мақалдың жалғасын тап» ойыны ойнатылып, «Адамды адам еткен - еңбек» атты тақпақтарын жатқа айтып шықты. Қатысқан оқырман саны – 28

Справочник Шымкента,