Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-12-21

Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында №16 жалпы орта мектебінің 8 «б» сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі» атты елтану сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандардың бойында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру; Отанын, туған жерін қорғай білуге және атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге тәрбиелеу. Шара барысында «Book bingo» ойыны ойнатылып, ұмыт қалған салт-дәстүрлерді еске түсіру мақсатында викториналық сұрақтар жүргізіліп, сонымен қатар «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты бейнебаян оқушылардың назарларына ұсынылып, Рухани жаңғырудың өткені, бүгіні мен болашағы жайындағы оқырмандарымыздың пікірлері тыңдалды.

Справочник Шымкента,