Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-09-13

Абай ата асқары

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңына ұйымдастырылған «Абай ата асқары» атты танымдық сағат № 65 «Балбұлақ» балабақшасының «Балдәурен» мектеп алды даярлық тобының

бүлдіршіндерінің қатысуымен өткізілді. Шара барысында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беріліп, өмір жолы мен шығармашылығымен бейне-ролик арқылы таныстырылды. Балабақша бүлдіршіндері ұлы ақын Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындады. Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында жасалған кітап көрмесіне шолу жасалынып, кішкентай бүлдіршіндерге арналған жаңадан келіп түскен кітаптармен таныстырылды.

Справочник Шымкента,