Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-10-22

Тамырын тереңнен тартқан туыстық

22 қыркүйек күні Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында 2019 – Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай «Тамырын тереңнен тартқан туыстық» атты толеранттық сағат ұйымдастырылды. Шараға А.Навои атындағы №11 жалпы білім беретін мектептің 6 «а» сынып оқушылары қатысып, 2018 - Қазақстандағы Өзбекстан жылы қортындысы жайында мәліметтер алды.

Сондай-ақ Қазақстандағы Өзбекстан жылының құрметіне түсірілген «Бауырлас ел» атты деректі фильмнен үзінді бейнеролик арқылы көрсетілді. Сонымен қатар әдеби композиция орындап, «Өзбегім» биін биледі. Қорытындылай келе қатысқан оқушыларға кітапхана атынан «Алғыс хаттар» табысталды.

Справочник Шымкента,