Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-10-14

Топырағына тартқан текті тұлға

Белгілі режиссер, актер, С.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Ж.Шанин атындағы облыстық театрдың қоюшы режиссері болып қызмет атқарған Өтеулі Тастанбековтің туғанына 70 жыл толуына орай «Топырағына тартқан текті тұлға» атты тікелей эфирде еске алу кеші өтті.

Кеш қонақтары болып, актердің көзін көрген, сахналас әріптестері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Айжан Жұмабекова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Құпия Рахымбердиева, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлшат Еспай және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Раушан Салова апайларымыз қатысты. Қонақтар әріптестері Өтеулі Тастанбеков жайлы естеліктерімен бөлісті. Оның ерекше талантын, адамгершілігін сахнада бірге ойнаған рөлдерін, театрға сіңірген еңбегі туралы айтып берді.

Справочник Шымкента,