Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-03-02

Алғыс айту – игілікті іс

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күні «Алғыс айту – игілікті іс» атты мейрімділік кеш өтті.

Кешке А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының 4г сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: Балалардың сыйластықтың құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, алғыс туралы түсінік беру; - үлкен, кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Кеш барысында оқырмандарға кітапханашы алғыс айту күніне түсінік беріп өтті, оқырмандар Кенже Оразбайдың «Аллаға әуелі рахмет» өлеңін мәнерлеп оқыды. Әкеге, анаға, әпкеге, ініге, өмірге алғыс айту туралы тақпақтар айтып, өлең-билерін арнады. Шара соңында ақ тілектер айтылып, бата берілді. Барлық қатысқан оқырмандарға кітапхана атынан «Алғыс хаттар» табысталды.

Справочник Шымкента,