Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-03-05

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз «ана». Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Осы айтулы мерекеге орай Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар

кітапханасында «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Оқырмандар бойында анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге, ана еңбегін, үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында «Әлем шаттық пен қуанышқа толатын күн» атты слайд көрсетілді. Сондай-ақ, №18 жалпы орта мектебінің 5 «б» сынып оқушыларының аналар мерекесіне дайындаған мерекелік бағдарламасы тамашаланды. Оқушылар аналардың құрметіне үш тілде құттықтау жолдап, тақпақ айтып, би билеп, әннен шашу шашты. Қатысқан оқырман саны – 36.

Справочник Шымкента,