Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-13

Діңі берік бәйтерек

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, филолог, ғылым кандидаты Мағауин Мұхтар Мұқанұлының туғанына - 80 жыл толуына орай «Өз уақытынан озып туған тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Діңі берік бәйтерек» атты әдеби вернисаж №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп- гимназиясының оқушыларының қатысуымен өтті. Шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Аласапыран» романында көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталғанын, «Қобыз сарыны», «Жармақ» шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленгені түсіндірілді. Кітапханашы Калменшеева Максима жазушының кітаптарына шолу жасап, таныстырып өтті.

«Сөнбес сәуле» атты бейнебаян көрсетіліп, Сайпиллаева Ырысайдың орындауында «Көңіл толқыны» атты күй тартылды. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» сызба әдісі арқылы оқырмандар қойылған сұрақтарға жауап берді.

Справочник Шымкента,