Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-15

Қазақ Хандығы – Алтын Орданың заңды мұрагері

15 - ақпан күні Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Алтын Орданың – 750, Қазақ Хандығының – 555 жылдығына орай «Қазақ Хандығы – Алтын Орданың заңды мұрагері» атты ақпарат күні өтті. Шараға З.Космодемьянская атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары және К.Қасымұлы атындағы жалпы орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларға Алтын Орданы насихаттап, Қазақ Хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққа бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында библиограф Алмуратова М.Д. Алтын Орданың құрылу тарихымен таныстырды. Тақырыпты ашу мақсатында арнайы слайд дайындалып, Алтын Орданы Шыңғыс ханның немересі Бату хан билік құрған жылдары жайлы бейнеролик

көрсетілді. Сонымен қатар библиограф оқырмандарды «Қазақ мемлекетінің бесігі» атты кітап көрмесімен таныстырды. Атап айтар болсақ, Қ.Бегалиннің «Алтын Орда хандары», Б.Аяғанның «Ұлы даланың қорғаушылары», қазақ әдебиетінде еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі І.Есенберлиннің «Алтын Орда», Т.Омаровтың «Қазақ хандары», Т.Сұлтановтың «Алтын Орда» және т.б. кітаптарына жеке-жеке тоқталып өтті. Қазақ Хандығының шығу тарихына тоқталып, алғашқы хандар Керей мен Жәнібек туралы бейнеролик балалар назарына ұсынылды. Шара соңында оқушылар өз пікірлерін білдірді.

Справочник Шымкента,