Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-17

Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында тарихымыздың ұлы тұлғаларының бірі, ислам дүниесінің ең ірі, Аристотельден «кейінгі екінші ұстаз» атағы әлемге жайылған ғұлама философы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына – 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тарихи сағат

№4 Х.Досмұхамедов атындағы және №19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектептері оқушыларының қатысуымен өтті. Шара барысында оқырмандарға Әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Екінші әлем ұстазы» атты бейнеролик көрсетіліп, нақыл сөздері ұсынылды. Белсенді оқырмандарымыз Әл-Фараби өмірінен «Данышпандықтың інжу-маржаны» атты көрініс көрсетіп, «Ақылдың мәні» тақырыбында сұрақтар қойылып, жауап алынды. Қатысқан оқырмандар саны – 48.

Справочник Шымкента,