Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-19

Сыбайлас-жемқорлық

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында оқырмандарға «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз еліне жауапкершілікпен қарауға, отанын сүюге және әділдікке тәрбиелеу және патриоттық сезім қалыптастыру

мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында оқырмандарға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріліп, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты көрме таныстырылды. Сондай-ақ, дипломды ақшаға сатып алған дәрігердің оқиғасы жайлы «Жемқорлық – қоғам дерті» атты бейне ролик көрсетіліп, оқиға бойынша оқырмандардың ойы тыңдалды. Іс-шара бойынша сұрақтар қойылды. Қатысқан оқырман саны – 23.

Справочник Шымкента,