Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-21

Вечная память воинам-афганцам

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Вечная память воинам-афганцам» атты кездесу кеш Ауған ардагерлері Мендігулов Сүндет Усенбаевич, Давлетов Юсуп Нишанбаевич, Баримбеков Асқар Шелбайұлы және № 17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің 8,9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарға Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Шара барысында оқырмандарға қонақтарымыз өздерінің Ауған соғысында бастан кешкен оқиғаларын әңгімелеп берді, сондай-ақ белсенді оқырмандарымыз «Баллада о солдате» атты әдеби композицияны жатқа айтып, «Қазақ осы» атты патриоттық әнін орындап шықты. Сонымен қатар, №1 Ж.Омарова атындағы саз мектебінің оқушылары «Чувство», , «Прощальный вальс», «Попкорн», «Ангел» атты лирикалық өлеңдерін орындап, «Пришел приказ», «Посвящается всем погибшим...» бейнеролигі көрсетіліп, оқырмандар ауған ардагерлеріне сұрақтар қойып, жауап алды. Сондай-ақ, «Ауған соғысы – тарихтың қасіретті парағы» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеңейтілген кітап көрмесіне ауған соғысы туралы кітаптар, тарихи деректер, суреттер, дәйексөздер, мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылып, жалпы оқырман қауымға насихатталды.

Справочник Шымкента,