Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-19

Бір ел – бір кітап

Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру, «Абай жолы» роман-эпопеясының дүниежүзілік классикаға енген шығарма екенін таныту, туған елін сүю, құрметтеу, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру, адал махаббат пен таза достықты үлгі ету, жауыздық пен қатыгездіктен, тағылықтан жирендіру мақсатында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында таңдалған әдебиеттің асқары іспеттес өмірі де, өзі де дара, дана, жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын бір туары, қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектептің және №63 негізгі орта білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты әдеби кеш өтті. Әуезовтің шығармашылығында "Абай жолы" романының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы әлемдік деңгейде "ХX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі" деген жоғары бағаға ие болды. Абай жолы – халық жолы. Абай туралы романдар – Абайдың ел-жұрты, қоғамдық ортасы, әлеуметтік қоршауы, дәуірі, заманы туралы романдар. Абай – Әуезов қолындағы шамшырақ. Ілияс Омаров сөзімен айтсақ: «Әуезов сол шамшырақты қолына ұстап, көшпелі феодализмнің небір меңіреу түкпірлері мен қараңғы қапастарын аралап кетеді де, зорлық-зомбылық, қатал жауыздық, әділетсіздік сияқты қара күштердің ойнағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдыңа жарқыратып әкеледі. Демек, «Абай жолы» Абайдан гөрі кең. «Абай жолының» бас кейіпкері – Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алпысты алқымдатып, қайтыс болған ел ағасы – ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Осы орайда М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі – Мұхтар Әуезовтің өмірбаянымен таныса отырып, қазақ үшін дара тұлға туралы кемеңгерлердің, белгілі тұлғалардың өздері тебірене айтқан естеліктерін тыңдады. «Абай жолы романының негізінде» мың қырлы, мың тәлімі бар Абай ақынның көптеген қырларын ашып өз өнерлерін көрсетті.

Справочник Шымкента,