Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-25

Абай әлемі - асыл мұрамыз

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туғанына – 175 жыл толуына орай «Абай тағлымы – халық даналығы» атты көрме-инсталляциясы ұйымдастырылып, «Абай әлемі - асыл мұрамыз» атты әдеби вернисаж №19,50 мектептері оқушыларының қатысуымен өтті.

Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Абай қазақ әдебиетінің шамшырағы» атты бейнеролик көрсетілді. Белсенді оқырмандарымыз «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдеріннен әдеби композицияны орындап, «Абайдың өмір жолы» атты сахналық көрініс көрсетіп, Абайдың қарасөздері айтылып, аудармалары оқылды. Сонымен қатар, №19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ибрагимов Дінмұхаммедтің орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндері шырқалып, «Тор жорға» күйінің шығу тарихы түсіндіріліп, №2 ҚБСМ-нің оқушысы Байдуллаев Жасұлан күйді орындап шығып, «Шашу» би тобы қазақ биін биледі. Содай-ақ, көрме инсталляциясымен таныстырылып, жалпы оқырман қауымға насихаталды. Қойылған құжаттар саны -59 о.і.қ.тілінде - 48. Қатысқан оқырмандар саны - 51.

Справочник Шымкента,