Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-26

Тәрбие көзі-халықта

26 ақпанда Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында оқырмандар бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға,Отанды сүюге, туған жерді қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Тәрбие көзі-халықта» атты танымдық сағаты А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Халқымыз ұрпақ тәрбиесі –ұлт тәрбиесә деп санаған. Сондықтан өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, келешекте үлгілі отбасы иесі болғанын қалап, «Отан отбасынан басталады» деп тәрбиелеген. Өйткені ұлтымыздың болашағы-тәрбиелі ұрпақтың қолында. Демек, отбасындағы тәрбие Отанды сүюге, туған жерді қадірлеуге, отаншылдық рухқа, елдік мүддеге тәрбиелейтін болған. Іс-шара барысында «Инабатты ұл, ибалы қыз-өмір көркі» тақырыбында бейнебаян көрсетіліп, «Тәрбие көзі-отбасы» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқырмандар Отан, туған жер жайлы өлеңдер айтып, сұрақтарға белсене жауап берді және кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Справочник Шымкента,