Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-02-28

Жомарт жүрек

Шымкент қаласы білім басқармасының «Экологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп 1 наурыз – алғыс айту күні, Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Жомарт жүрек» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік концертке Шымкент қаласы білім басқармасының «Экологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жас өлкетанушы», «Экотеатр» үйірмелерінің білім алушылары, сондай-ақ Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Мақсаты: Білім алушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру, білім алушыларға алғыс айту туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту. Педагог пен білім алушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, әдептілікке, кішіпейілділіке, ізгілікке тәрбиелеу. Мерекелік концертте білім алушылар «Сағыныш биі», «Ақкербез» биін билеп, «Мен қазақпын», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қазағым менің» әндерін орындап, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы анаға, биік асқар тау әкеге арнап, ағасына өз алғысын білдіру мақсатында өлеңмен өз алғыстарын жеткізді. Алғыс айту күні - қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күніне арналған «Алғыс – сөздің асылы» атты тренингін өткізді. Мерекелік концерт өте қызықты да тартымды өтті.

Справочник Шымкента,