Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-01-23

Ұлт рухын ұлықтаған ұлы ойшылдар

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында 2020 жылы аталып өтетін әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған ұлы ойшылдар» және де Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Қазақ мемлекетінің бесігі» атты кітап кітап көрмелерінің салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына жазушы, Қазақстанның құрметті журналисті, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының құрметті азаматы Мархабат Байғұт, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Дінәсілова Шәрбану Әлмаханбетқызы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының директоры Парымбекова Закира Сембекқызы, Шымкент қалалық көзi көрмейтiн және әлсiз көретiн азаматтарға арналған арнайы кiтапханасы директорының орынбасары Тұранбаева Ұлбике Мүтәнқызы, Шымкент қалалық Көрме орталығының директоры Қарабекова Зухра Әмзеқызы, Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдениет қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Сабыр қатысты. Көрменің негізгі мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы 2020 жылы екі ірі дата: әл-Фарабидің 1150, Абай атамыздың 175 жылдығын кең көлемде атап өту. Дана Абай мен ғұлама әл-Фарабидің тағылымдарын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғалардың ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Көрме қонақтары үшін №65 «Балбұлақ», №42 «Толағай» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері, сондай-ақ Абай Құнанбаев мектебінің, №78 жалпы орта мектебінің оқушылары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенттері өнерлерін көрсетті. Ұлтымыздың Ұлы тұлғаларына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған ұлы ойшылдар» және де Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Қазақ мемлекетінің бесігі» атты кітап көрмелерінің экспозицияларына Отырар жазирасында дүниеге келіп, ортағасырлық ғұламалардан мойыны озып шыққан ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фарабидің орасан зор шығармашылық мұрасы, дана да дара Ұлы Абай Құнанбайұлының ұлтымызды рухани жаңа биіктерге көтерген керемет құнды дүниелері, сондай-ақ жарты әлемді иелігіне қаратқан Алтын Орда тарихынан тұтастай мағлұмат беретін әдебиеттер ұсынылды. Сондай-ақ көрменің ашылу салтанатында жазушы, Қазақстанның құрметті журналисті, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының құрметті азаматы Мархабат Байғұт Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасына табыстар тілеп, жүрек жарды сөздерімен әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған ұлы ойшылдар» және де Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Қазақ мемлекетінің бесігі» кітап көрмелерін ұйымдастырғаны үшін зор алғысын білдірді. Көрменің салтанатты ашылуын Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің шебері», «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Бегежанова Зоя Оралбайқызы қорытындылап, алтын уақыттарын бөліп келген қонақтарға өз жүрекжарды алғысын білдіре отырып, кітапхана оқырмандарын кітаппен дос болып, кітап оқуға шақырды.

Справочник Шымкента,