Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-01-29

Рухани жаңғыру және кітап әлемі

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында №23 З. Космедемьянская атындағы мектеп лицейінің 3 «ә» сынып оқушыларымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «100 кітап» жобасы аясында «Рухани жаңғыру және кітап

әлемі» атты үзіліспен оқу сағаты Марат Қабанбаевтың «Бақбақ басы толған күн» шығармасы бойынша өткізілді. Шараның мақсаты: Автордың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің мазмұнын меңгерту, тақырыбын, идеясын ашу, повесть туралы әдеби - теориялық ұғымдарын кеңейту. Шара барысында оқырмандарға Марат Қабанбаевтың өмірбаяны жайлы мәліметтер беріліп, оқырмандар повесть жайлы өз ойларын айтып, талқылады. Шара соңында белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар беріліп,оқырмандар кітапханамен таныстырылды. Қатысқан оқырман саны - 27.

Справочник Шымкента,