Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-01-31

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында 2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашады». Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Кезінде ұлт зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов және т.б. көптеген елдер мен тіл жанашырлары қазақ әліпбиін құруға көп еңбек сіңірген болатын. Бүгін халқымыз өз алдына дербес тәуелсіздігін алған күнде сол ата-бабаларымыздың салып кеткен соқпағына қайта үңілгендейміз. Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ. Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасы жайлы жұртшылықтың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз ету, пікір алмасу мақсатында «Латын әліпбиі: жаңғыру жаңадан басталады» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының Латын графикасын оқыту және насихаттау жұмыстарын жүргізу бөлімінің басшысы Қалдыбаева Гүланар Анарбекқызы, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қойма меңгерушісі Бохан Гүлжан Тұрарбекқызы, №52 мектеп-лицейінің сондай-ақ №78 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Шара барысында Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. Жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.

Справочник Шымкента,