Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

   5   6  
7
  8   9   

Өнерім – өміріммен ұштасқан

2020-02-07

Көп әлі көргенімнен көрмегенім, Өзімді өзім ертіп өрмеледім. Қаратау терісінде қара өлең, Құшақтап қыз жүр десе, сол – мен едім! – деген ақын, бұл күндері Қаратау терісі мен күнгейінің өлең сүйер қауымына танылып та, табындырып та үлгерген Гүлнәр Есіркепқызы Өмірбектің өлке мәдени кеңістігінде есімі естілгелі ширек ғасырдан асыпты. Қашанда ел тынысымен тыныстап, өлке әдебиеті мен өнерімен өрнектелген бірегей өмір үлгісі бәрімізге таныс, баршамызға жылы. Азаматтық тұлғасы арлы, кітапханашылық қызметі адал Гүлнәр Өмірбекті үлкендер ізгі тілекпен қолдап, кішілер құрмет тұтып келеді. Оны танығалы кітапхана мен Гүлнәр, кітап және Гүлнәр дегенді екі бөліп қарамайды теріскей елі. Жап-жас өрімдей кезінен кітап деп шырылдап, оқырман деп тақ тұратын Гүлнәр апайымыз бұл күндері өзі де Кітап – Адамға айналғандай. Осы кітап – ғұмырға көз салсақ, шынында да Гүлнәр Өмірбектің өлке әдеби-мәдени саласындағы еңбегін ой елегінен өткізер болсақ, бәрі көз алдымызда өтіп жатыр екен.


толығырақ...

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына

2020-01-31

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында 2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашады».


толығырақ...

Рухани жаңғыру және кітап әлемі

2020-01-29

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында №23 З. Космедемьянская атындағы мектеп лицейінің 3 «ә» сынып оқушыларымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «100 кітап» жобасы аясында «Рухани жаңғыру және кітап әлемі» атты үзіліспен оқу сағаты Марат Қабанбаевтың «Бақбақ басы толған күн» шығармасы бойынша өткізілді.


толығырақ...

Ертегімен өседі ел ертеңі

2020-01-29

Психотерапиялық ертегілер мүмкіндігі шектеулі баланың өз мәселесін өзі жеңуіне көмектесіп, оның эмоционалдық тепе-теңдігін қайта қалпына келтіруіне,


толығырақ...

Қауіпсіз Ғаламтор әліппесі

2020-01-27

Күнделікті өмірге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор.


толығырақ...

Кітап- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

2020-01-24

Кітапханада «жас оқырман» клубының мүшелерінің қатысуымен «Кітап- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем»тақырыбында әңгіме жүргізілді.


толығырақ...

Ұлт рухын ұлықтаған ұлы ойшылдар

2020-01-23

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында 2020 жылы аталып өтетін әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған ұлы ойшылдар» және де Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Қазақ мемлекетінің бесігі» атты кітап кітап көрмелерінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына жазушы, Қазақстанның құрметті журналисті, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының құрметті азаматы Мархабат Байғұт, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Дінәсілова Шәрбану Әлмаханбетқызы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының директоры Парымбекова Закира Сембекқызы, Шымкент қалалық көзi көрмейтiн және әлсiз көретiн азаматтарға арналған арнайы кiтапханасы директорының орынбасары Тұранбаева Ұлбике Мүтәнқызы, Шымкент қалалық Көрме орталығының директоры Қарабекова Зухра Әмзеқызы, Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдениет қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Сабыр қатысты.


толығырақ...

«Жайсаң ғұмыр»

2020-01-22

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Е.Жайсаңбаевтың туғанына – 80 жыл толуына орай «Жайсаң ғұмыр» атты кино шолу өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға өмірден ерте өтсе де өнерде өшпес із қалдырған, сахнада сан түрлі рөлдерді еркін меңгерген, бесаспап шебер, М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрының тамаша актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Е.Жайсаңбаевтың еңбек жолы мен шығармашылығын таныстыру.


толығырақ...

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

2020-01-22

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын және Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі екендігін, сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 11 қараша күні «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»


толығырақ...

Мульти-пульти әлемі

2020-01-22

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Мульти-пульти әлемі» жобасы


толығырақ...

Справочник Шымкента,